Ақтоғайлық екі фермер ауылдастарына шөп түсіріп берді

1022

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы "Нұр" және "Нұршат" шаруа қожалықтарының басшылары екі ауылдағы жеті отбасына пішен түсіріп берді. Олар осылайша аудан бойынша қайырымды істер марафонын бастап берген, деп жазады inbusiness.kz.

Ақтоғайлық екі фермер ауылдастарына шөп түсіріп берді

Шаруалардың айтуына қарағанда, әртүрлі жағдайларға байланысты қажетті мал азығын жинап үлгермеген мұқтаж отбасылар, қарт адамдар болады. Соларға көмек қолын созып тұру керек.

Қожалық иелері Абай ауылында бес отбасына жүз орам шөп, Қараменде би ауылында екі отбасына сегіз орам шөп берген.

Аудан әкімдігі фермерлердің игілікті ісі басқа шаруа қожалықтарының басшыларына үлгі болады деп үміттенеді.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу