"Ақыл-есі дұрыс": Нұрай Серікбай ісіндегі күдіктіге жасалған сараптама қорытындысы шықты

Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлім етті.  

"Ақыл-есі дұрыс": Нұрай Серікбай ісіндегі күдіктіге жасалған сараптама қорытындысы шықты Фото: Азаттық рухы

Оның сөзінше, негізгі тергеу әрекеттері толық жүргізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын қалды. 

Іс аясында сот-психиатриялық сараптама да тағайындалған еді. Сараптама қорытындысында күдікті есі дұрыс деп танылып отыр. Бұл оның заң алдында толық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді. 

– Тергеушінің бастамасымен (күдіктіге) сот-психаториялық сараптама тағайындалды. Қорытындысы шықты. Күдікті заң алдында ақыл-есі дұрыс тұлға ретінде жауап береді, – деді Санжар Әділов.

Қазіргі уақытта іс бойынша соңғы процессуалдық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан соң материалдар сотқа жолданбақ. 

Бұған дейін Нұрай Серікбай ісіндегі күдікті психоорталыққа жатқызылғанын жаздық.

12 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген адамның кім екені анықталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу