Ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаражат түсті

1037

Бұл сома ақылы жолдарды күтіп ұстауға бағытталады.

Ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаражат түсті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, 2021 жылы еліміздегі ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады, деп жазды inbusiness.kz.

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: "Нұр-Сұлтан – Теміртау", "Нұр-Сұлтан – Щучинск", "Алматы – Қапшағай" және "Алматы – Қорғас" республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түскен. 

Сонымен қатар елімізде өткен жылдың 23 қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске іске қосылды. Олар: "Тараз – Қайнар", "Шымкент – Қызылорда", "Шымкент – Тараз", "Шымкент – Өзбекстан шекарасы", "Талдықорған – Қапшағай", "Көкшетау – Щучинск", "Нұр-Сұлтан – Павлодар" автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңгені түсті.

"Жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды", – деп хабарлады министрлік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу