Яғни жеке кабинет, SMS, қоңырау немесе USSD-сұраныс арқылы расталатын болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Абоненттердің ақылы қызметтерді алу құқы қорғалады. Енді байланыс және интернетті қостыру үшін иесінің келісімі керек.
Сондай-ақ 14 жасқа толмаған балалардың нөмірін тіркеуге қатысты қауіпсіздік күшейтілді. Бұл үдерісті тек заңды өкілдері биометриялық сәйкестендіру арқылы жүргізеді. Бір жеткіншекке бір нөмір ғана рәсімделеді.
Елде телекоммуникациялар мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту туралы заң қабылданды. Құжат байланыс сапасы мен цифрлық сервистерге мүмкіндікті арттырып, деректерді өңдеу орталықтарын ашуды қамтиды.
Цифрлық экономиканың энергетикалық базасын, телекоммуникациялық инфрақұрылымды қорғауға және байланыс желілеріндегі алаяқтыққа қарсы күреске негізделген.