Ақылы жолдармен жүру үшін жылдық абонементті қалай рәсімдеуге болады

1085

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің өкілдері ақылы жол учаскелеріне іргелес аудандарда тұратын қазақстандықтар үшін жылдық абонементті қалай ресімдеуге болатынын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақылы жолдармен жүру үшін жылдық абонементті қалай рәсімдеуге болады

Бүгінгі таңда ақылы автомобиль жолына іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте белгіленген тәртіппен тіркелген жергілікті жеңіл көлік үшін құны 1 000 теңге болатын жылдық абонемент сатып алу мүмкіндігі бар. Абонементтердің әрекеті ақылы учаскенің барлық маршруты үшін, екі бағытқа да қолданылады.

Жергілікті жеңіл автокөлікке жылдық абонементті рәсімдеу үшін:
- Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының операторларына жүгіну;
- Жеке куәлік пен автомобильдің техникалық құжаттамасын ұсыну;
- Өтінішті жазу;
- 1 000 теңге көлемінде төлем жүргізу;
- Чекті алу керек.

"Сондай-ақ абоненттік төлемді ресімдеу үшін берешектің жоқ екенін алдын ала тексеріп, өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен 1 000 тг сомасына өзіңіздің жеңіл көлік құралыңыздың балансын толтыру керек. Одан кейін 1403 нөміріне, яғни "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ байланыс орталығына қоңырау шалып, абонемент ресімдегіңіз келетіні туралы хабарлау қажет. Байланыс орталығының операторы сіздің көлік құралыңыздың деректерін тексереді. Барлық қажетті параметрлер сәйкес келген жағдайда абонемент ресімделеді", – деп жеткізді ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу