Ақышев банктерді оңалту бағдарламасының қорытындысы туралы айтты

699

Ақышев банктерді оңалту бағдарламасының қорытындысы туралы айтты

Банк секторын қалыпқа келтіру бағдарламасы шеңберінде елдің бес ірі әлеуметтік маңызды банктеріне ("Еуразиялық Банк" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Цеснабанк" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Банк "Bank RBK" АҚ) көмек көрсетілді. Қолдау мөлшері 653,7 млрд теңге болды, жұмыс істемейтін қарыздар 710 млрд теңге сомасына есептен шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысынан кейін БАҚ сұрақтарына жауап бере отырып, айтып берді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк басшысы баса айтып өткендей, банктерді мемлекеттік қолдау есебінен олардың кредиттік қызметін жандандыру байқалады. Оның айтуы бойынша, бағдарламаға кірген сәттен бастап және осы жылы 1 сәуірге дейін банктер шамамен 865 млрд теңге, оның ішінде ШОБ субъектілеріне – 315 млрд теңге, корпоративтік бизнеске – 329 млрд теңге, жеке тұлғаларға – 222 млрд теңге сомасына қарыз алушыларды қайта құрылымдауды ескере отырып, қарыздар берді.

Данияр Ақышев аталған бағдарлама шеңберінде "Казкоммерцбанк" АҚ несие қоржынын "БТА Банк" АҚ проблемалық қарыздарынан тазартылғанын, ал "Қазақстан Халық Банкі" АҚ арқылы жаңа стратегиялық инвестор 250,2 млрд теңге сомасына банкті үстеме капиталдандырғанын да еске сала кетті.

"Жалпы алғанда, қаржылық көрсеткіштер жақсартылды және "Казкоммерцбанк" АҚ Ұлттық банк белгілеген нормативтердің барлығын асыра орындап отыр", - деп сөзін қорытындылады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу