Ақышев халыққа арналған автонесиелеу бағдарламасын ұсынды

975

Ұлттық банк автонесиелеу бағдарламасын қаржыландыруға дайын.

Ақышев халыққа арналған автонесиелеу бағдарламасын ұсынды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев халыққа арналған автонесиелеу бағдарламасын ұсынды. Оның айтуынша, қаржылық реттеуші биыл отандық автокөліктерді сатуға арналған бағдарламаны жедел әзірлеп, қаржыландыруға дайын.

Данияр Ақышевтің пікірінше, бағдарлама нарықтық принциптермен жұмыс істейтін болады. Яғни, бағдарламаға банктер тартылады. Оған "7-20-25" бағдарламасының механизмдері мен базасын пайдалануға болады.

"Автокөлік құрастыру көп капиталды қажет ететін сала. Ол экономикаға үлкен әсер береді", – деді Данияр Ақышев.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу