Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылдық округінен Каспий теңізіне қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқан "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының 18, 26-кварталында қамыстың жану дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі сағат 12:30-дағы жағдай бойынша ақпарат ұсынды.
"Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД, "Ақжайық" МТР барлығы 65 адам, 18 бірлік техника жұмылдырылды. Барлық жану аумағы 12 га құрады. Бүгін 1 мамырда сағат 07:53-те жану оқшауланды. Жердің сулы-батпақты болуы өрт сөндіру автокөліктерінің өтуіне қиындық тудырды.
Трактор мен соқа арқылы 30 шақырым қашықтықта жерді жырту жұмыстары жүргізіліп, күштер ранцты өрт сөндіргішпен өртті сөндіру жұмыстарын жүргізген болатын", – делінген ресми хабарламада.
Оқиға орнында ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Әбділда Баякеев жетекшілік етуде.
Елдімекенге қауіп жоқ.