Медеу ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында бұрынғы полиция қызметкеріне сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Үш адамның өмірін қиған жол апаты кезінде Алматы қаласы полиция департаменті бастығының экс-орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізуші қызметін атқарған Әсет Жақсылықовтың ісі сотта қаралды.
Ол қайғылы оқиға болған сәтте Александр Пактың қасында екінші көлікті басқарған. Сот үкімімен Жақсылықов ҚР Қылмыстық Кодексiнің 370-бабы (қызметтегi әрекетсiздiк) бойынша кінәлі деп танылды және 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Бұл ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады.
Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.