Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты іс мамырда сотқа жолданады – адвокат

411

Бұл туралы Мейірман Шекеев хабарлады.  

Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты іс мамырда сотқа жолданады – адвокат Фото: kris_p_almata

Қазіргі уақытта жантүршігерлік жол апатына қатысты істі тергеу аяқталып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Барлық сараптамалардың қорытындыларын алдық. Кішкене кейбір процессуалдық әрекеттер жасалғаннан кейін, айдың аяғында іс сотқа жолданатын болды.

Кейбір сараптамалардың қорытындысына сәйкес, Zeekr автокөлігінің иесі аса жылдамдықпен жүргені анықталды. Бұдан басқа ақпараттарды әзірге жариялай алмаймыз", – дейді адвокат.

Айта кетейік, қоғамдық резонанс тудырған қайғылы оқиға 21 наурызда Алматыда әл-Фараби даңғылында болды.

Жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Күдікті 7 сәуірде тергеу изоляторына қамалған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу