Алматының Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан Mercedes жүргізушісінің жақындары сотта олардың мүддесін қорғаған адвокаттардың қызметінен бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпаратқа сәлтеме жасап.
"Әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жол апаты бойынша мүддесін тегін қорғаған жәбірленуші тарап біздің қызметімізден бас тартты. Біз бұл шешімді құрметтейміз және көрсетілген сенім үшін алғыс айтамыз", – деп атап өтті ол.
Қорғаушының жазбасында бұл шешімді қабылдауға не себеп болғаны аталмаған.
Бұған дейін апаттан қаза тапқан 2003 жылғы бойжеткен К.-нің анасы да адвокат қызметінен бас тартқан болатын.
Аталған іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Еркін Майшиновтың төрағалығымен қаралып жатыр.
Айыпталушы орындығында – 32 жастағы кәсіпкер Александр Пак отыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша айып тағылған.
Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.