Алакөлдегі демалыс базаларына барғандар жарықсыз отыр

790

Интернет жоқ, қонақтар шаммен отырады, тоңазытқыштар сөніп, жартылай дайын өнімдер бір-біріне жабысып, балмұздақ еріп кетеді. Ең жақын банкомат 70 шақырым жерде орналасқан.

Алакөлдегі демалыс базаларына барғандар жарықсыз отыр

"Алакөлде кәсіпкерлер қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тырысады: тамақтану қызметі, жақсы санитариялық торап пен ыстық су бар бөлме, тіпті интернет ұсыну, бірақ нәтиже аз". 

Алакөл жағалауына сапарлап, жағдайды көзбен көріп, кәсіпкерлердің арыз-шағымдарын тыңдап қайтқан "Атамекен" ҚР ҰКП сарапшылары осылай дейді. 

Жетісу облысы жағынан жағалауда орналасқан "AQUAMARINE resort" демалыс базасының иесі Инна Дорош жағалауда 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде аумақта электр қуаты тұрақсыз, әлі күнге дейін орталық сумен жабдықтау, кәріз және қалыпты интернетпен қамту жоқ.

"Біз суды өзіміз тартық, кәріз құбырын жүргіздік. Біздің жеке қосалқы электро станциямыз және жеке электрик маманымыз бар. Сондықтан қонақтарымыз жарықсыз, шаммен отырмайды. Бірақ бізге келген кезде "Бағалар Түркиядан да қымбат! деп шағымданады. Орташа базалар өздерін біз сияқты инфрақұрылыммен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан басқа базаларда тұрақсыздық бар. Атап айтқанда өрт қауіпсіздігі проблемалары, өйткені қонақтар шаммен отырады, тоңазытқыштар сөніп, жартылай дайын өнімдер бір-біріне жабысып, балмұздақ еріп кетеді. Сондықтан қызметке шағымдар түседі. Айына бір рет тұрмыстық техниканы "Камазға" тиеп, Алматыда жөндеуге алып келеміз", – деп атап өтті кәсіпкер.

Егер электр қуатының проблемасын шешілсе, онда базаларда техниканың бүлінуі, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және интернетті пайдалану мәселелері автоматты түрде алынып тасталады.

"Бір мәселе басқа мәселелерді тудырады. Біз биліктен ақша сұрамаймыз, несие де қажет емес, бізге тұрақты жұмыс істейтін электр қуатын беріңіз. Қазір жарықты сөндіреді, "Қазақтелеком" интернет беруді тоқтатады. Ал қонақтар қазір төлем карталарымен келеді, ал біз терминалды пайдалана алмаймыз. Менде бір әйел демалды, ол асханада тұрып, баласын тамақтандыра алмаймын деп айқайлады. Ең жақын банкомат 70 шақырым жерде орналасқан", – деді Инна Дорош.

2021 жылы Халық банкі демалыс аймағында банкомат орнатуды жоспарлады, бірақ нәтижесінде бұл бастаманы жүзеге асыра алмады. Абай облысында да электр қуатына қатысты проблема бар.

Көбі ұңғымалардан суды пайдаланады, ал кейбір кәсіпкерді жергілікті атқарушы органдар суды төгіп, қаптап, сатпаса да, жер қойнауын пайдаланушылар ретінде есепке тұруға міндеттейді.

Демалыс орындарынан тыс жерлерде де проблемалар бар: жағажай аймағын аяқталмаған абаттандыру, тротуарлар, жолдар, жарықтандыру кенжелеп тұр, қоқыс тау болып үйілген және әрдайым жұмыс істемейтін дәретханалар, құтқарушылардың болмауы.

Ең бастысы – су көлігі мәселесі. Катамарандар, қайықтар мен скутер иелері демалушылармен бірге тікелей жағаға жүзеді. Көлде жұмыс істейтін кәсіпкерлер жергілікті әкімдікте айлақ салуға уәде бергендерін айтты, бірақ ол әлі салынбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу