Алакөл маңында жер сілкінді

291

24 шілде күні Астана уақытымен 08:47-де Сарқант қаласынан 124 шақырым солтүстік-шығыста жер сілкінісі тіркелді.    

Алакөл маңында жер сілкінді Фото: primeminister.kz

Алакөл көлінің маңындағы жер сілкінісін отандық сейсмологтар растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жер асты дүмпуінің магнитудасы – 3,7" – деп жазылған Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) таратқан хабарламада.

Қазақстандық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу