Алакөл мен Каспий теңізі жағалауында мобильді бекеттер жұмысын бастады

192

Шомылу маусымының ашылуына орай демалушылардың қауіпсіздігі басты орында тұр.  

Алакөл мен Каспий теңізі жағалауында мобильді бекеттер жұмысын бастады Фото: t.me/qr_tjm

Жазғы маусым басталып Алакөл көлі мен Каспий теңізі жағалауында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күшейтілген шаралар қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кәсіби құтқарушылар мен қоғамдық құтқарушы-нұсқаушылар кезекшілік атқарады.

Барлық құтқарушы, соның ішінде қоғамдық нұсқаушылар да қажетті құтқару жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген: құтқару шеңберлері, Александров ұштары, құтқару кеудешелері, дүрбілер және дауыс зорайтқыштар бар.

           

Алакөлде төтенше жағдай туындаса жедел-құтқару жасағының мамандандырылған бөлімшесі жұмылдырылады. 4 жүзу құралы, оның ішінде "Марлин" катері және акваторияның кез келген учаскесіне жедел жетуге мүмкіндік береді.

Ал, Каспий теңізінің жағалауында мобильді бекеттер іске қосылды. Барлық қажетті заттармен: құтқару шеңберлерімен, қайықтармен, байланыс құралдарымен және дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етілген құтқару қызметтерінің қызметкерлері теңіз жағалауында кезекшілік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу