Алакөл жағалауындағы мәдени мереке өз мәресіне жетті

383

Фестивальді жалпы 75 мыңға жуық көрермен тамашалады.  

Алакөл жағалауындағы мәдени мереке өз мәресіне жетті Фото: gov.kz

Абай облысының Мақаншы ауданындағы Алакөл жағалауында алғаш рет ұйымдастырылған "Алакөл алаулары – 2026" фестивалі қорытынды гала-концертпен аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі айға жуық уақытқа созылған мәдени жоба аясында 15 концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оған еліміздің танымал өнерпаздары қатысты.

Жабылу салтанатында облыс әкімі Берік Уәли бұл жобаның өңірдің мәдениеті мен туризмін дамытуға тың серпін бергенін атап өтіп, фестивальдің келесі жылы да жалғасатынын мәлімдеді.

Фестиваль барысында облыстың барлық қала-аудандары өздерінің мәдени бағдарламаларын ұсынып, ұлттық өнер мен заманауи шығармашылықты кеңінен насихаттады. Жоба Алакөлдің туристік тартымдылығын арттырып, өңірдің мәдени әлеуетін танытуға зор үлес қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу