Алакөл жаңа туристік маусымды жаңартылған инфрақұрылыммен бастады

210

Алакөл жағалауы шомылу маусымын қабылдауға толық дайын.

Алакөл жаңа туристік маусымды жаңартылған инфрақұрылыммен бастады Фото: gov.kz

Жаңа туристік маусым қарсаңында Алакөл жағалауында демалушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған инфрақұрылымдық жұмыстар толық аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл жағалау аумағына 470 контейнер, 50 торлы контейнер, 100 қоқыс жәшігі және 100 пластик контейнер орнатылды. Сондай-ақ туристердің жайлылығы үшін 44 киім ауыстыру кабинасы мен 24 модульді әжетхана пайдалануға берілді.

Қосымша резерв ретінде 45 биодәретхана дайындалды. Олар демалушылар санына байланысты жағалаудың ең көп келетін аумақтарына кезең-кезеңімен орналастырылады.

Қауіпсіздік шаралары да күшейтілді. Жағалау бойына 40 құтқару мұнарасы қойылып, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 13 шақырымдық қалқыма белгі желісі тартылды және 7 пирс жабдықталды.

Туристердің аумақта еркін жүріп-тұруы мақсатында 14 бағыттаушы көрсеткіш пен 38 ақпараттық тақта орнатылды. Бұл демалушыларға қажетті нысандарды оңай табуға және қауіпсіздік талаптарымен жедел танысуға мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу