Алакөлде көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетел азаматы жауапқа тартылды

144

Тексеру барысында олардың Қазақстан аумағында заңсыз еңбек еткені анықталды.  

Алакөлде көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетел азаматы жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полицейлер "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

10 қыркүйекте Алакөл ауданының Ақши ауылында көші-қон заңнамасын бұза отырып еңбек қызметін жүзеге асырған 14 шетел азаматы анықталды.

Тексеру барысында олардың Қазақстан аумағында қажетті рұқсат құжаттарынсыз еңбек еткені белгілі болды. Сонымен қатар шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзу фактілері анықталды. Шетел азаматтары мән-жайды анықтау және заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Анықталған фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, оларды қарау және тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу