Алакөлде туристерді қабылдауға қызу дайындық жүріп жатыр

799

Шипалы көлдегі демалыс базалары 15 маусымнан бастап туристерді қабылдайды. Шомылу маусымы да дәл осы кезде басталмақ.  

Алакөлде туристерді қабылдауға қызу дайындық жүріп жатыр Фото: Абай облысының әкімдігі

Жылына миллионға жуық демалушыны уақытын тиімді өткізетін  Алакөл Абай облысындағы басты туристік орынға айналды. Биыл  келушілерге ыңғайлы болу үшін көл жағалауын дамытып, оның инфрақұрылымын ретке келтіру бойынша біршама жұмыс атқарылмақ. Облыс әкімшілігі жағалауды дамытудың жол картасын әзірледі. Оның аясында 40 қа жуық шара қолға алынады. Жұмыстардың жартысын биыл туристік маусым ашылғанша аяқтау көзделген.

"Алакөлдің басында 500-ге жуық бағаналар бар көше жарығын қамтамасыз ететін. Соларды баламалы электр желілеріне қосу. Атап өтсем күн сәулесінен қуат алып, жаңағы көшелерімізді жарықтандыратын құрылғыларды сатып алу. Оны орнатуды келесі айда біз бітіреміз деген жоспарымыз да бар. Оған қоса қоқысқа арналған 200 урна  қойылады. 100-ге жуық декоративті тастан жасалған қоқыс жәшіктері сатып алынады" – дейді  Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары, Айдын Кәрімов.

Демалыс аймағында талай сынға іліккен санитарлық жағдайды реттеуге де баса мән берілмек. Мәселен, ақысыз 5 дәретхана мен 15 биодәретхана орнатылады. Көлге дейін апаратын Қабанбай ауылындағы айналма жол да жөнделеді. Биыл Алакөлге пойызбен де ұшақпен де қатынауға мүмкіндік туып отыр.

"Туристердің санын ұлғайту бойынша, ҚТЖ –мен жұмыс жасап 6 пайызға жолаушылар тасымалын ұлғайттық. Оған қоса өздеріңіз білесіздер Үржар әуежайының жолын кеңейтіп енді осы жылдан бастап үлкен ұшақтардың қонуына мүмкіндік туды. Үржардан Алматы, Семей бағыттарына ұшақ бар. ол рейстер бүгінде аптасына екі рет іске асса, маусым басталғаннан кейін аптасына 4 ке дейін ұлғайтылады" – дейді  Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары, Айдын Кәрімов.

Алакөлде биыл құтқарушылардың санын 20 ға жеткізіп, олар тиісті техникамен қамтылатын болды. Қоғамдық тәртіпті 100 полиция қызметкері қадағалайды. Туристік маусымда ауырып-сырқағандарға қызмет көрсететін дәрігерлердің саны да екі есеге көп болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу