Жетісу облысы полиция департаментінде Алакөл көлінде адамдардың өмірін сақтап қалған полиция қызметкері Жақсылық Сәрсенов пен Көктұма ауылының тұрғыны Жандос Сақаевты салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, Алакөл жағалауында ауа райының күрт нашарлауына байланысты қатты жел көтеріліп, биік толқындар демалушылардың өміріне елеулі қауіп төндірген еді.
Сол сәтте туристік аймақта қызмет атқарып жүрген полиция майоры Жақсылық Сәрсенов жағалаудан алыстап кеткен сапбордтағы адамдарды байқап, Көктұма ауылының тұрғыны Жандос Сақаевпен бірге бірден көмекке ұмтылған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу