Алакөлдегі өрт: Шағын және орта бизнес субъектілері биыл тексерілген жоқ

631

Төтенше жағдай министрлігінің шағын және орта бизнес субъектілерін себепсіз тексеруге құқығы жоқ. Бұлай деп Алакөлдегі өрт оқиғасына қатысты брифингте ТЖ министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. 

Алакөлдегі өрт: Шағын және орта бизнес субъектілері биыл тексерілген жоқ

"Бизнесті тексеруге арнайы мораторий жарияланған. Сондықтан бұл нысандар биыл тексерілмеген. Десек те, біздің тікелей қызметімізге кіргендіктен өрт маусымы мен суға түсу маусымы басталғанда құтқарушылар, өрт сөндірушілер осы нысандарды аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Заңды күшіне енген нақты моратий болғандықтан, оны қандай да бір жағдайдан кейін бұзуға ешқандай мемлекеттік органның құқығы жоқ. Егер де кез келген азаматтың демалып жатқан орнында өміріне қауіп төндіретін жағдайлар орын алса, ол ТЖ департаментіне, полицияға шағымдана алады. Соның негізінде кез келген мемлекеттік орган бизнес субъектісін тексере алады", – деді Талғат Уәли. 

Еске сала кетейік, 4 шілде күні ШҚО Үржар ауданындағы Алакөл көлінің "Керуен" демалыс базасынан өрт шыққан. Тілсіз жау ауданы 3 мың шаршы метр болатын аумақты шарпып, Керуен, Әлихан, Жібек жолы, Айгерім демалыс орындарындағы 17 нысан толығымен өртеніп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу