Алакөлге қатынайтын пойыздар мен автобустар іске қосылады

451

Автобустар күн сайын жүретін болады.

Алакөлге қатынайтын пойыздар мен автобустар іске қосылады Фото: ortcom.kz

1 маусымнан бастап Алакөлге қатынайтын пойыздар мен автобустар іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Пойыздар тек тақ күндері, жолаушылар автобусы күн сайын жүретін болады.

Туристер үшін барлығы 15 вагон жіберілмек. Автобус билетінің құны 3,5 мың теңгеден бастап 7 мың теңгеге дейін тұрады.

"Пойыздың құрамы плацкарт және купе-вагондарынан жалпы сыйымдылығы 342 орыннан тұратын болады. Бүгінде министрлік тасымалдаушыны анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді жүргізіп жатыр. Сонымен қатар облыс орталығынан күн сайын тұрақты түрде 2 рет Алакөл көлі бағытында жүретін облысаралық автобус қатынайтын болады", - деді ШҚО Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Акрамов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу