Алан Құрманғалиев Португалияда чемпион атанды

547

Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында WTT Youth Star Contender-2022 халықаралық үстел теннисі турнирі аяқталды. Аталған жарыстың бас жүлдесін Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі Алан Құрманғалиев жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Алан Құрманғалиев Португалияда чемпион атанды Фото: ҰОК баспасөз қызметі

ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, Эльмира Әлиеваның шәкірті Португалияда өткен жарыста топ жарып, алтын медаль иеленді.

Чемпиондық атаққа жету жолында жас теннисші Израиль өкілі Натанель Абрамовты - 3:0,  Франция спортшысы Натан Артур Пилардты - 3:0, Тунистен келген Вассим Эссидті - 3:2, румыниялық Рарес Куесдинді  - 3:2 және австралиялық Адитя Саринаны - 3:2 есебімен жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу