Себебі өңір "арнайы даму аймағы" ретінде қайта жоспарланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Tiek телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Бұған дейін кезекке тұрған азаматтар мәселесі қайта қаралады. Егер олардың тізіміндегі елді мекендер жаңа қала құрамына кірсе, өтініштерін қайта рәсімдеу талап етілуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, жер тек инженерлік инфрақұрылым толық дайын болған аумақтарда ғана беріледі. Яғни су, электр және жол жүйелері жүргізілмейінше жаңа жер телімдері бөлінбейді.
Жалпы, билік бұл өзгерісті қаланы жоспарлы түрде дамыту және жерді ретсіз бөлуді тоқтату мақсатымен түсіндіріп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу