Алатау полигонындағы өрттен кейін қалада жаңа нормалар бекітіледі

108

Тиісті жоба "Ашық НҚА" порталында талқылауға шығарылды. 

Алатау полигонындағы өрттен кейін қалада жаңа нормалар бекітіледі Фото: ТЖМ

Алатау қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған жаңа тарифтер бекітілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оны Алатау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі әзірлеген.

Жоба шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналу нормаларын, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту көзделеді. Негізгі міндеттері:

– қалдықтарды шығару және кәдеге жарату жөніндегі ұйымдардың қызметін қаржыландырудың экономикалық тұрғыдан негізделген тетігін құру;

– елді мекендердің санитарлық жағдайын сақтау және рұқсат етілмеген қоқыс орындарының пайда болуының алдын алу;

– экологиялық қауіпсіздікті арттыру және қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту.

Жоба 2025 жылдың 6 қарашасына дейін талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу