Алаяқ әйелдердің "табысы" 7 миллион теңгеге жеткен

800

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі алаяқтық жасап, 7 миллион теңге "табыс" тапқан екі күдіктіні ұстады.

Алаяқ әйелдердің "табысы" 7 миллион теңгеге жеткен

Олар Тараз тұрғындарына өздерін азық-түлік тауарларын көтерме бағамен сататын өкілдер ретінде таныстырған. Осылайша арзан бағаға "оптовый" тауар әпереміз деп сенімге кіріп, тараздық талай тұрғынды алдап соққан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түскен күдіктілердің 23 пен 42 жастағы жергілікті тұрғындар екендігі анықталып отыр. Полиция қызметкерлері келтірілген залалдың жалпы көлемі 7 000 000 теңгеден асқанын мәлімдеді. Ұсталғандар кінәсін толық мойындаған.

Қазір осы дерекке бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жалпы Қылмыстық кодекске сай, мұндай қылмысы үшін күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру немесе 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу