Алаяқтар қармағына бухгалтерлер іліге бастады

397

Олар өздерін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстыратын болған. 

Алаяқтар қармағына бухгалтерлер іліге бастады Фото: gov.kz

Алаяқтық телефон қоңырауы арқылы жүзеге асырылады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Алаяқ өзін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырып, қандай да бір компанияның бас бухгалтеріне қоңырау шалып, сол ұйымның қызметкерінің зейнетақы шотының бұғатталғаны туралы хабарлайды. Себебі оның компания БСН-ы бар транзиттік шоттарына тыйым салынған. Бұғаттан шығару мақсатында бухгалтерлерге алаяқтардың шотына берешек соманың жартысын салуға кеңес береді, әйтпесе компанияға зейнетақы жарналарын уақытылы есептемегені үшін айыппұл салынады деп қорқытады", — делінген Абай облысы әкімдігі хабарламасында.

Зиянкестер әлемнің кез-келген елінде болуы мүмкін және көбінесе телефон нөмірлерін интернет желісінен табады, жәбірленушінің аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы әлеуметтік желілерден біледі.  

       Мұндай алаяқтық нысанасы болып қалған жағдайда, төмендегілерді білгеніңіз маңызды:

  • БЖЗҚ функцияларына салымшылар мен алушыларға жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақыл-кеңес беру, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы жинақтарының дербестендірілген есебі және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кіреді;
  • зейнетақы жарналарын төлеудің толықтығы мен уақытылы жүргізілуін БЖЗҚ емес, салық органдары бақылайды;
  • зейнетақы жарналарын ұзақ уақыт бойы төлемеген жағдайда, БЖЗҚ қызметкерлері салымшыларға төлем жасамау себебін анықтап, қажетті ақыл-кеңес кеңес беру мақсатында ғана қоңырау шала алады;
  • БЖЗҚ қызметкерлерінің қаражатты белгілі бір шотқа аударуды талап етуге құқығы жоқ.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу