Алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы бар

751

Бірінші несие бюросының мәліметі бойынша, қазақстандықтар олардың атынан несие алуға ешкім өтініш бере алмау үшін қаржы институттарына несие тарихын бақылауға шектеу қоя алады, деп жазды inbusiness.kz. 

Алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы бар

"Stop Credit" қызметі биылғы жылдан Бірінші кредиттік бюроның сайтында қолжетімді. Ол құжаттарын жоғалтқанда, шетелге шыққанда немесе басқа да жағдайларда алаяқтардан қорғануға көмектесу үшін жасалған. 

"Несие тарихын ұсынуға ерікті шектеу қаржы институттары үшін жалған несие рәсімдеушілерге қосымша тексеру жүргізу керектігін меңзейді”, – деп түсіндірді бюро.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 500-ден астам қазақстандық  "Stop Credit" қызметін пайдаланған. 

Оны пайдалану оңай. Бар болғаны ЭСҚ, интернетке қосылу және 400 теңге (қызмет құны) керек. Несие тарихыңызға қол жеткізуді шектегеннен кейін қарыз беретін ұйымдарға шектеу қойылады. Олар қазыр беру туралы шешім қабылдау үшін несиелік есеп ала алмайды және сіздің борыш тарихыңызды көруге ерікті түрде тыйым салынғаны туралы хабарлама алады.

Айта кету керек, бұл шектеу ағымдағы несиесі бар ұйымдарға қолданылмайды, өйткені олар несие мерзімі аяқталғанша қарыз алушының борыш тарихын бақылайды.

Егер сізге несие қажет болса, бұл қызметтен онлайн бас тартуға да болады.

“Сервис пайдаланушыға несие тарихындағы кез келген өзгерістер туралы хабарламаларды алуды қамтамасыз етеді. Сонымен, егер несие беруші алаяқтық әрекет барысында, тыйым салынғанына қарамастан, несие тарихын сұрамай-ақ несие беруді шешсе, пайдаланушы оған несие берілгені туралы хабарлама алады.  Бұл алаяқтық фактісін дер кезінде анықтап, болдырмауға мүмкіндік береді”, – деп түсіндірді Бірінші кредиттік бюро. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу