"Алаяқтардан сақ болыңыз": Мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандықтарға үндеу жасады

955

Мемлекеттік кірістер департаменті алаяқтар органдардың атынан қоңырау шалып жатқанын айтып, үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алаяқтардан сақ болыңыз": Мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: Lenta.ru

"Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алаяқтар бұрыннан белгілі схема бойынша әрекет ететінін хабарлайды – салық төлеушінің салықтық хаты бар немесе шоты бұғатталған деп мәлімдейді. 

Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін бетпе-бет кездесуге онлайн брондау ұсынылады. Содан кейін кодты 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына жібереді және брондау процесін аяқтау үшін кодты жазуды сұрайды", – делінген хабарламада.

Департамент жеке мәліметтерді ешкімге бермеуді ескертеді.

"Сондай-ақ, қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша аударуға, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береміз", – деді ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу