Алаяқтардың арбауына түскен ақмолалық әйел 5 млн теңгеге алданды

512

Ақмолалық әйел алаяқтардың арбауына түсіп, екі банктен 5 млн теңге несие рәсімдеп берген, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Алаяқтардың арбауына түскен ақмолалық әйел 5 млн теңгеге алданды

Тамыздың 4-інде Целиноград аудандық полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш түскен.

"Белгілі болғандай, ол интернет алаяқтары қолданатын ең көп таралған схемаға тап болған. 1 тамызда әлдекім зардап шегушінің телефонына қоңырау шалып, өзін 2-деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметінің қызметкері деп таныстырған және қазіргі уақытта оның атынан несие алуға өтініш түскенін хабарлаған. Үрейі ұшқан әйел алаяқпен сөйлесіп тұрғанын түсінбеген, ал ол болса, ұялы телефонына қосымшаны жүктеу арқылы заңсыз әрекеттерді тоқтатуға болатындығына сендірген", – деді ведомстводан.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, алаяқтардың нұсқауларын орындай отырып, ауыл тұрғыны қажетті қосымшаларды орнатып, кейін екі банктен жалпы сомасы 5 200 000 теңгеден астам несие рәсімдеген. Ақша бірден алаяқтардың шотына аударылған. Тек 3 күннен кейін әйел алдаудың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

"Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі "алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу