Алаяқтарға 4,5 млн теңге несие әперіп жатқанын білмеген

761

Әйел өз атына бірнеше рет кредит рәсімдеген.

Алаяқтарға 4,5 млн теңге несие әперіп жатқанын білмеген

Павлодарда алаяқтар әйелді 4,5 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар павлодарлық тұрғын "алаяқтарға қарсы арнайы операцияға қатысып жатырсыз" деп сендіріп, 4,5 млн теңге алдап кеткен. Жәбірленуші өз атына бірнеше рет кредит рәсімдеген.

"Жәбірленуші өзін күш құрылымының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін полициядан көмек сұрады", - деді Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Бүгінде бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу