Алаяқтық үшін іздеу жарияланған Ресей азаматы Нұр-Сұлтанда ұсталды

911

Елорда Полиция департаментінің хабарлауынша күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған болатын. Ол Ингушетия аумағында қылмыс жасады деген күдікке іліккен екен. 

Алаяқтық үшін іздеу жарияланған Ресей азаматы Нұр-Сұлтанда ұсталды

"63 жастағы күдікті Ингушетиядағы банк бөлімшесіне несие беру туралы өтініш жазған. Бұл ретте ол жалған деректер көртіп, 10 млн рубль алған соң елден қашып кеткен", - деп жазылған хабарламада.

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, аталған факт бойынша Ингушетияда қылмыстық іс қозғалған. 
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Алдағы уақытта ол еліне экстрадицияланатын болады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу