Алаяқтық жасаған азаматша Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Алаяқтық жасаған азаматша Түркиядан Қазақстанға қайтарылды Фото: видеодан алынған кадр

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматшасын елге қайтарып отыр.

– Күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге "зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін" деп уәде беріп, алдау жолымен олардың ақша қаражаттарын иемденген. 

Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген, – делінген хабарламада. 

Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан тыс жерге бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды.

Күдіктіге тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу