Алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды

109

Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. 

Алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды Фото: freepik

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Грузияда халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан полициясының мәліметінше, 2022 жылы күдікті танысын алдап, оны шамамен 13 миллион теңге көлемінде автонесиені өз атына рәсімдеуге көндірген. Ақшаны алған соң, ол автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынып кеткен.

ІІМ “Заң және Тәртіп” идеологиясы аясында жазадан бұлтармау қағидасын қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу