Алаяқтың кесірінен жүк тиелген 1 200-ден астам вагон тоқтап тұр

3756

Жүк Ресейге тиесілі.

Алаяқтың кесірінен жүк тиелген 1 200-ден астам вагон тоқтап тұр

Қазақстанда алаяқтың кесірінен жүк тиелген 1 200-ден аса вагон тоқтап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Ведомости" басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық экспедитор "ТОО "Альжанов А.А." ресейлік жүк жөнелтушілерден тасымал төлемі үшін шамамен 370 млн рубль (2 млрд 66 млн 166 мың 290 теңге, 1 рубль – 5,58 теңге) алып, жоқ болып кеткен. "Қазақстан темір жолы" АҚ алым төлегенге дейін пойыздарды өткізуден бас тартып отыр.

Тоқтап тұрған вагондарға орман және құрылыс материалдары, металл конструкциялары, халық тұтынатын тауарлар тиелген. "Ресей темір жолдары" компаниясы бұл мәселе бойынша "Қазақстан темір жолы" АҚ-мен келіссөз жүргізіп жатқанын атап өтті. 

Ресейлік компанияның дерегінше, жүктерді жөнелтуге ҚТЖ мен экспедитор жауапты. 

РФ "Тасымалдау және инфрақұрылым" ұлттық орталығының президенті Павел Иванкин Орталық Азия елдеріндегі тасымалдаушылар төлемді тек резидент төлеуді талап ететінін растады. Сондықтан ресейлік компания жергілікті серіктес табуға немесе резидент-компания құруға мәжбүр.

Бұл мәселеге қатысты "Қазақстан темір жолы" АҚ түсінік берді.

"ҚТЖ-Жүк тасымалдары" ЖШС кесілген материалдар тиелген 1 200-ден аса транзиттік вагон Қазақстан аумағында тұрып қалғанын растайды. Оның ішінде 312 вагон төлем түскеннен кейін тиісті станцияға жөнелтілді. Бұл жағдай экспедитор Қазақстан аумағы бойынша тасымалдауға қажет төлемді төлемегендіктен болды. Вагондарды одан әрі жіберу мәселесін шешу үшін экспедиторлармен кеңес өткізілді. Темір жол тасымалдары саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде төлеушіні ауыстыру, экспедиторлардың өтінімдерін қарау үшін жұмыс тобы құрылды, – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу