ЖИ-дің аты – Diella, ол албан тілінде "күн" деген мағынаны білдіреді. Бұл туралы ел Премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді, деп жазады Politico.
Раманың сөзінше, алдағы уақытта мемлекеттік тендерлерге қатысты шешімдер біртіндеп министрліктерден алынып, Diella-ның құзырына беріледі.
"Нәтижесінде, Албания мемлекеттік сатып алулар саласында толықтай ашықтық орнатып, сыбайлас жемқорлықтан арылған елге айналады. Барлық мемлекеттік қаражат әділ әрі толық бақылауда болады. Бұл – ғылыми қиял емес, бүгінгі шындық", – деді премьер.
ЖИ Diella – албан қоғамына бұрыннан таныс. Ол ұлттық электронды мемлекеттік қызметтер жүйесі e-Albania-ны басқарып келеді.
Албания билігі Diella-ның мүмкіндіктері мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық пен тиімділікті арттырып, цифрлық трансформацияны жаңа деңгейге көтереді деп күтеді.