Альберт Рау: Кен орындарында алтын ұрлап, жолдан таятындар азаймай тұр

637

Әсіресе, қолының сұғы бар азаматтар бағалы металл дақтарын іздейтін отрядта өте көп.

Альберт Рау: Кен орындарында алтын ұрлап, жолдан таятындар азаймай тұр

Қазақстандағы кен орындарында алтын ұрлап, оны заңсыз айналымға шығаратындар саны азаймай тұр. Мәжілісмен Альберт Раудың қолына түскен құжатқа қарағанда соңғы 5 жылдың өзінде бір кәсіпорын – "ҚазақАлтында" осындай 32 мың факт тіркеліпті, деп хабарлайды Atameken Business.

Әсіресе, қолының сұғы бар азаматтар бағалы металл дақтарын іздейтін отрядта өте көп. Яғни әдетте бұл қызметке кен орны маңындағы елді мекен тұрғындары тартылып жатады. Заң бойынша алтын көрсе жолдан таятындар Әкімшілік кодекс бойынша 15 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл төлеуге міндеттеледі немесе 15 тәулікке қамалады. Бірақ бәрібір одан ұрлық жасаушылар қылығы тыйылар емес. Мәселен, былтырдан бері полиция құрығына 6 мың ұры түссе, соның 4,5 мыңы бостандыққа шыққан соң екінші қайтара ұрлық жасаған. Осыған орай депутат Бас прокуратураға қадағалауды күшейтуді сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу