Алдағы 3 күнде еліміздің батысында жаңбыр, шығысында қар жауады

304

Қазгидромет 3-5 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы 3 күнде еліміздің батысында жаңбыр, шығысында қар жауады Фото: ЖИ

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің батысында 4–5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 3 қарашада шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар түрінде), сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +13+21°С-тан +6+19°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +13+18°С-тан +10+15°С-қа дейін төмендейді. Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу