Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әлеуметтік кодекс жобасында көзделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы айта келе, Тамара Дүйсенова аға және бүгінгі буын зейнеткерлер үшін алдағы 5 жылда базалық зейнетақы көбейтілетінін хабарлады.
"Сондай-ақ, еңбек зейнетақысының мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе орташа жалақының 70%-на дейін артады. Өз жинақтары есебінен зейнетақы қалыптастыратын болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер тарапынын қосымша зейнетақы жарналары енгізіледі", – деді министр.