"Алдағы бір айда елде коронавирустық инфекция өршиді"

9992

Министрдің сөзінше, кейін бұл көрсеткіш төмендей бастайды. 

"Алдағы бір айда елде коронавирустық инфекция өршиді"

Қазақстанда бір айдың көлемінде коронавирустық инфекция ең көп тіркеледі деп күтілуде. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Министрдің сөзінше, кейін бұл көрсеткіш төмендей бастайды.

"Коронавирустық инфекция ең көп тіркелетін кезеңі болды, ал кейін олардың саны қысқарады деп күтілуде. Ол бір айдың шамасында болады деп үміттенеміз", – деді министр төтенше жағдай режимі туралы сауалға жауап ретінде.

Сондай-ақ министр 23 наурызда еліміздегі коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың саны 62-ге жеткенін атап өтті.  

Соңғы екі жағдай Алматы мен Нұр-Сұлтанда тіркелді. Қазіргі кезеде Нұр-Сұлтандағы науқастардың саны – 32, Алматыда – 26, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1.   

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу