Алдағы демалыс күндері елордада соғым жәрмеңкесі өтеді

322

Жәрмеңке аясында 1 000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланып отыр.

Алдағы демалыс күндері елордада соғым жәрмеңкесі өтеді Фото: Астана әкімдігі

Астанада 7-8 қараша күндері Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және басқа да облыстардан келген фермерлік шаруашылықтардың қатысуымен ауқымды "Соғым-FEST" ет жәрмеңкесі басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соғым – қазақ халқының қысқа дайындықпен байланысты ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. 

Ата-бабамыз етін қамдап, отбасымен дастарқан басына жиналып, жақындарымен дәм бөліскен. Бүгінде "Соғым-FEST" осы дәстүрді заманауи форматта жалғастырып, отандық фермерлер мен елорда тұрғындарын бір алаңда тоғыстырады.

Жәрмеңке қала тұрғындарына ет өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға, қысқы маусымға қажетті азық-түлік қорын дайындауға және отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға мүмкіндік береді.

Жәрмеңкелер әр демалыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қаланың үш алаңында өтеді:
• "Keruen Joly" сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
• "Ет Әлемі" сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
• "Jurt" сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.

Жәрмеңке өтетін орындарға қоғамдық көлікпен жетуге болады.

"Keruen Joly" және "Ет Әлемі" сауда орталықтарына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.

"Jurt" сауда орталығына №2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67 және 73 автобус бағыттары арқылы баруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу