Алдағы күндері 20 градус аяз болады

69

13-15 қараша аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері 20 градус аяз болады Фото: inbusiness.kz

Циклон әсерінен ел аумағында жаңбыр және қар жауады.

13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Ал шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда бұрқасын болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Солтүстікте түнде –5…–12°С, күндіз –0…–6°С,

Солтүстік-батыста түнде –2…–10°С, күндіз –0…–5°С,

Орталықта түнде –3…–13°С, күндіз –6…+3°С,

Шығыста түнде –8…–20°С, күндіз –0…–10°С.

Елдің қалған аумақтарында температурада елеулі өзгерістер бола қоймайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу