Алдағы күндері 30 градус аяз болады

1010

Алдағы күндері 30 градус аяз болады

"Қазгидромет" алдағы 15-17 қарашаға арналған ауа  райын болжамын ұсынды.

Синоптиктердің ақпаратына сәйкес жауын-шашын мен күшті жел алып келген атмосфералық ағынмен циклон Қазақстаннан ығысып, Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан суық антициклон таралады. Солтүстік облыстарда ғана емес,  республиканың оңтүстігінде  де температура төмендейді деп күтілуде. Антициклон ықпалымен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігі жауын-шашынсыз болмақ, бірақ күн суытады, түнгі температура 20...27ºС, кей жерлерде 30ºС аяз болады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жаууы мүмкін. Кей өңірлерде шығыстан күшті жел соғып, боран болады.

 Түнде температура 5-15ºС төмендейді. Бұл Қазақстанның барлық аумағындағы ағымдағы кезең үшін климаттық нормадан 5-13ºС төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу