Алдағы күндері -38 градусқа дейін аяз болады

121

Бұл туралы Қазгидромет РМҚ мәлім етті. 

Алдағы күндері -38 градусқа дейін аяз болады Фото: pixabay

Жаңа Жер аудандарынан Қазақстан аумағына жылжып келе жатқан суық антициклонның ықпалымен алдағы күндері термометр көрсеткіші 30-38 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Күнтізбелік қыстың басталуымен Қазақстан тұрғындарын ауа райы жылы болып қуантты. Жаңа Жер аудандарынан Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Ол республика аумағы арқылы жылдам қозғалып, алдымен солтүстік өңірлерде, кейін еліміздің басқа аймақтарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30–38 градус аязға дейін төмендейді. Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болады: елдің солтүстік жартысында кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу