Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

109

Елдің бірқатар аймағында найзағай, бұршақ, қатты жел мен аптап ыстық күтіледі.    

Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады Фото: arasha.kz

Синоптиктер 3 маусымға және алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болатынын ескертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы және Шымкент қалаларында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

2-6 маусым аралығында Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз ауа температурасы 30-35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Кей өңірлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының бірқатар аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы өңірлерде кей уақытта қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Сонымен қатар Жетісу, Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарында ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады деп болжануда.

Синоптиктер көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертіп, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу