Алдағы күндері бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауады - Қазгидромет

3426

Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. 

Алдағы күндері бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауады - Қазгидромет Фото: yablyk.com

Алдағы 3-5 күнде елімізде ауа райы жауын-шашынды болады. Бұл туралы "Қазгидромет" ұзақмерзімді ауа болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алдағы 3-5 күнде Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болады. Түнде солтүстік, орталық, шығыста қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады. Жалпы 15 наурыздан бастап Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан көп және норма шамасында болады деген болжам жасалған. Осы болжам әлі сақталады. Себебі сәуірдің екінші онкүндігінің 5 күнінде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады", - деді спикер.

Бұдан бөлек алдағы 3 күнде батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін жоғарыласа, күндіз 15-25 градусқа дейін ауытқиды деп күтіліп отыр.

"Солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде түнде 0-5 аяздан, плюс 3-8 градусқа дейін, күндіз +3-8 градустан плюс 10-15 градусқа дейін көтеріледі. 15-20 сәуір аралығында ауа температурасы елдің басым бөлігінде біртіндеп жоғарылайды. Атап айтқанда, күндіз 20-28 градусқа дейін көтеріледі", - деп жалғастырды Жұлдыз Исабекова.

Осы тұста бұл ауа райы болжамы 10 сәуірден 20 сәуірге дейінгі аралықты қамтитынын атап өту керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу