Алдағы күндері ел аумағында 34 градусқа дейін ыстық болады

105

Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері ел аумағында 34 градусқа дейін ыстық болады Фото: freepik

Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы, оңтүстік облыстарда 28-29 сәуірде, шығыс облыстарда 29-30 сәуірде күтіледі.

Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман болады.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

  • батыста +15...+20°С дейін,
  • солтүстік-батыста +17...+25°С дейін,
  • солтүстікте +21...+26°С дейін,
  • орталықта +21...+30°С дейін,
  • шығыста +19...+27°С дейін,
  • оңтүстікте +25...+34°С дейін,
  • оңтүстік-шығыста +22...+27°С дейін.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу