Алдағы күндері ел аумағында 42 градусқа дейін күн ысиды

179

"Қазгидромет" РМК синоптиктері республика бойынша 22, 23 және 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері ел аумағында 42 градусқа дейін күн ысиды Фото: depositphotos.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың оңтүстігінде термометр 42°C дейін көтеріледі.

Республиканың батысында, солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

22 және 24 шілдеде еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін,

Қалған аумақта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Сондай-ақ республиканың солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

22-23 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40°C қатты ыстық болады. Батыста, солтүстікте, Алматы облысының орталығында ауа температурасы 42°С-қа жетеді.

Сонымен қатар күндіз республиканың батысында 35-39°С аптап ыстық болады.

Оңтүстік-батыста 38-42°С, 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде 35°С, орталық аймақтарда 35-38°С, республиканың оңтүстігінде 40-42°С, оңтүстік-шығыста 35-39°С ыстық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу