Алдағы күндері ел аумағында қар жауып, боран соғады

299

18 желтоқсан күні кейбір өңірлерде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. 

Алдағы күндері ел аумағында қар жауып, боран соғады Фото: inbusiness.kz

Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды циклонның әсерінде екенін айтады. Соған байланысты бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауып, жауын-шашын түсуі ықтимал. Таулы аймақтарда боран соғып, көктайғақ болады.

Республика бойынша желдің екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықпен сақталады. Кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Келесі күндері ауа райының температуралық фоны өзгереді:

Батыс өңірлерде түнде 3-18 градустан 0-5 градусқа дейін, күндіз -5 градустан +3 градусқа дейін болады.

Солтүстік-батыс өңірінде түнгі температура 7-23 градустан 0-15 градусқа дейін, күндіз -3-15 градустан 0-5 градусқа дейін өзгереді.

Солтүстік және орталық өңірлерде түнде 15-23 градустан -5-15 градусқа дейін, күндіз -10-18 градустан -3-8 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыс өңірлерде түнгі температура 12-28 градустан -7-20 градусқа дейін, күндіз -7-18 градустан -5-15 градусқа дейін болады.

Оңтүстік өңірлерде түнгі температура 3-20 градустан -3-12 градусқа дейін, күндізгі негізгі фон -0-8 градус.

Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз 0-5 градус шамасында, ал таулы аймақтарда -8-13 градусқа дейін болады.

Синоптиктер ауа райының құбылмалы болатынын ескертеді. Сондықтан жолға шығар алдында ауа райын ескеруге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу