Алдағы күндері ел аумағында күн суытып, қар жауады

130

Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі. 

 Алдағы күндері ел аумағында күн суытып, қар жауады Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмендеп, жаңбыр қарға ауысуы, көктайғақ болуы мүмкін.

Күшті жаңбыр, бұршақ және екпінді жел батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде солтүстікте және орталықта күтіледі. 14 сәуірге қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Ауа температурасы төмендейді:

батыста түнде +2…+10°С, күндіз +10…+15°С;
солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0…+7°С;
оңтүстікте түнде +3…+13°С, күндіз +8…+18°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу