Алдағы күндері ел аумағында күн жылына бастайды

94

Синоптиктер 12, 13 және 14 наурызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері ел аумағында күн жылына бастайды Фото: canva

Күнтізбелік көктем басталғанына қарамастан, елдің бірқатар өңірлерінде әлі де қыс мезгілінің әсері сезілуде.

Синоптиктердің мәліметінше, әсіресе Қазақстанның солтүстігі мен шығысында суық ауа райы сақталып отыр. Қар жауып, боран соққаннан кейін бұл өңірлер суық антициклонның ықпалында қалды. Ол ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкелді.

"Алайда көктем де өз әсерін көрсете бастады, 12 наурыздан бастап Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды", – деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлге жуық және сәл ғана плюстік көрсеткіштер күтіледі, ал оңтүстікте аптаның ортасына қарай ауа 5-10 градусқа дейін жылынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу